«Даланың дархан ұлы» атты еске алу кеші

Қ.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайында Қ.И.Сатбаевтың дүниеден өткеніне 54 жыл толуына арналған «Даланың дархан ұлы» атты еске алу кеші өтті. Еске алу кешін аудандық «Мұса мырза» мешітінің бас имамы Саян қажы Арыстанұлы марқұмның рухына дұға бағыштаумен бастады. Одан соң сөз тізгінін алған Теңдік ауылының тұрғыны зейнеткер- ұстаз Қ.И.Сәтбаев атындағы оқу- тәрбие кешенінің бірнеше жылдар тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі және осы мектептегі қоғамдық ғалым мұражайының меңгерушісі болған Жұмагүл Қамышқызы Қаныш атаны бес жасында көргенін, ол кісімен туыстық қатынасы бар екенін, баба мұрасын сақтап қалу мақсатында ауыл мектебіндегі мұражайдың ашылуына әкесі Қамыш марқұмның пайдасы көп тигені жөніндегі секілді тындаушы қауымға көп тыңғылықты мағлұмат берді. Дін мәселелері жөніндегі «Имандылық» орталығының директоры Сапарғалиев Сансызбай Серікұлы өз сөзінде Қаныш атанының өнегелі өмірі келер ұрпақтың татымды тәрбиеге, білімге бастайтын даңғыл жол екенін жеткізді.

Шара барысында ғалымның өмір жолынан қысқартылған слайд беріліп, оқушылар баба рухына арнау өлеңдерін жолдады. «Жаяу Мұса» атындағы балалар өнер мектебінің ұстаздары Қамажай Бегенқызы «Ән салайын»,   Райхангүл Қайржанқызы «Іңкәрім» атты Қаныш атаның сүйікті әндерін орындады.

Кеш соңында академик Қ.И. Сәтбаев мемориалдық мұражайы басшысының міндетін атқарушы Айбат Сейсенбекұлы Ыдырысов баба рухына тағзым ете келген қауымға алғыс білдіріп, Қаныш атаның сара жолынан сыр шертті. Жалпы еске алу кешіне 33 адам қамтылды.

 

Kesh1

 

 

Kesh2

 

 

Kesh3

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.