«Шоқтығы биік Мұса» атты аудандық ғылыми – тәжірибелік конференция

       Қоғам қайраткері, этнограф М.Шормановтың туғанына 200 жыл толуына орай «Шоқтығы биік Мұса» атты аудандық ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді. Аталмыш шараға ауданның 20 мектебінен 50 – ден аса оқушы қатыса отырып, үш секция бойынша бақ сынасты. Мыңнан тұлпар болып оза шапқан оқушылар Мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысы Ардақ Тәтімбекұлы Райымбековтың атынан берілген дипломдар мен бағалы сыйлықтарды иеленді. Мырзалық танытып келген жеке кәсіпкер Ардақ Ғабдысаттарұлы Сарбасов, «Дидар» ШҚ басшысы Сәрсенбек Дүйсенбекұлы Сарбасов баба ұрпақтары ретінде қаржылай демеушілік көрсетсе, сол ауылдың түлегі, аудандық Ішкі саясат басшысы Талғат Маратұлы мен Қ.И.Сәтбаев атындағы мектеп директоры қайриден Нұхұлы да қолдаудан құр алақан қалмады. Конференция Баянауыл ауданы, Теңдік ауылында Мұса Шорманұлының туған жеріндегі Қ.И.Сәтбаев мектеп- балабақша оқу- тәрбие беру     кешенінде өтті. Марқұмның зиратына зиярат етіп, дұға бағышталады. Павлодар облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының атынан Павлодар     облыстық Г.Н.Потанин тарихи- өлкетану мұражайы басшысы Гүлнар Беркенқызы арнайы келіп қатысты. Аудан әкімдігі атынан аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысы Қайрат Қайырұлы келді. Облыстық «Ертіс» телеарнасы мен аудандық «Баянтау» газеті де шара куәгері болды. 

 

konferen1

 

konferen2

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.