«Мәшһүр Жүсіп ғибраты» атты аудандық конференция

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде Қ.Сәтбаев мемориалдық мұражайы мен Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы  мұражайы және аудандық білім бөлімі ұжымдары бірлескен мектеп оқушылары арасында елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласын басты бағдар ете отыра,  Мәшһүр Жүсіп мұрасын насихаттау мақсатында және ақынның 160-жылдық мерейтойына байланысты   «Мәшһүр Жүсіп ғибраты» атты аудандық конференция өткізілді.

Аталмыш шараға ауданның 8 мектебінен 25 оқушы қатыса отырып, үш секция бойынша білімдерін жарыстырып, төмендегі оқушылар жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.

      «Ақынын ардақтаған елдің болашағы зор»,- дейді халық. Ақынның 160 жылдық тойына байланысты жалғасын тауып жатқан жақсы жаңалықтар әр жерде бар шығар. Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.  Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол - одан із қалады, сөз қалады,»-  демекші, ақын атын арқалап отырған мектеп оқушылары үшін бұдан асқан мәртебе, ал ақын өсиеттерінің қазіргі жастардың білімі мен тәрбиесіне берер пайдасы, қосар үлесі қаншама екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Бүгінге жеткен қорғасын ой, салмақты  ой осындай!

        Ұйымдастырушылар атынан қорытынды сөз Қ.И.Сәтбаев мұражайының  қызметкері Ерлан Хазелұлы Зкиров мырзаға берілді.

 konferen3

 konferen4

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.