«Қыздар – ай» атты байқау

2018 жылдың наурыз айында Қ.И.Сатбаев мұражайында - аудандық мекемелер арасында тұрақты қарым – қатынас қалыптастыру мақсатында 8 наурыз – халықаралық әйелдер күні қарсаңында 7 наурыз күні академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мемориалдық мұражайында «Қыздар – ай» атты мерекелік сайыс өтті. Мерекелік сайыс үш кезеңнен құрылған «Кім жылдам?», «Шебер қол», «Лотерея».

Аталмыш іс – шараға Баянауыл №2 жалпы білім беру мектебінен – Сексенбаева Айгүл Қайырболатқызы, С.Торайғыров атындағы мәдениет үйінен – Нұрбаева Дана Мұхтарқызы, аудандық кітапханадан – Арыстанбекова Бахытжан Әзілханқызы, Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп-интернатынан – Адепбаева Замира Амангелдіқызы және Баянауыл ауданының ұлттық табиғи паркінен – Смагулова Динара Аязбаевна сияқты қыз – келіншектер қатысты. Әділқазылардан мұражай басшысы Айбат Сейсенбекұлы Ыдырысов, мұражайдың бас қор сақтаушысы Ерлан Казелұлы Зікіров және көрме-экспозиция жұмыстарының маманы Динара Нұрлыбекқызы Кұрманжанова болды.

Қатысушылар «Кім жылдам?» - 5 минут ішінде араласып тұрған күріш пен гречканы жеке салу, «Шебер қол» - 10 минутта берілген кесек матаға қолдағы бар түрлі фурнитурадан сурет тігу және «Лотерея» - 3 әр түрлі сұраққа жауап беру бойынша үш кезеңнен өтті.

«Кім жылдам?» номинациясы бойынша тез, әрі таза салған - Нұрбаева Дана Мұхтарқызы, «Шебер қол» номинациясы бойынша ең көрікті сурет жасаған – Арыстанбекова Бахытжан Әзілханқызы және «Лотерея» номинациясы бойынша сұрақтарға дұрыс, әрі тез жауап берген – Смагулова Динара Аязбайқызы сыйлықтармен марапатталды.

 

kyzdar1

 kyzdar2

  

kyzdar3

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.