«Дәстүр жалғастығы» атты ұлттық қолөнер байқауы

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасы аясында өткізілетін аталмыш іс- шара – рухани құндылығымызды жаңғыртатын бастама. Іс- шараның басты мақсаты ұлттық салт –дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды, мәдениетімізді, өмір салтымызды заманға сай одан әрі дамыту және насихаттау, оны бүгінгі ұрпақтың санасына сіңіру арқылы жаңа ұрпақты қалыптастыру. Байқауға 5-7 сынып аралығында оқушылар өз қолдарымен жасалған ұлттық қолөнер бұйымдарын көрсетті. 7а - сынып оқушысы Жұмат Жанғозы ағаштан қасық пен астау жасап 1- орынды иеленді. 2 – орынды 5ә сынып оқушысы Камалиева Асима жүннен жасалған моншақ пен картина жасап көрерменді таң қалдырды. 5а сынып оқушысы Ниязбекқызы Айсұлу құрақ көрпенің сан түрін жасап 3- орынды иеленді. Жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

kol1

 

kol2

 

kol3

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.