«Қаламды шын беріліп, алдым берік...» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты кеші

         Киелі Торайғыр ауылында  «Қараңғы қазақ көгіне,  Өрмелеп шығып күн болам....» - деп өрттей өлең жолдарын жазған, арманына жете алмай жастай кеткен Арқаның арқар жанды, асқар жүректі, аяулы ақыны, ағартушы, жазушы, публицист, Алаш қайраткері Сұлтанмахмұт Торайғыровтың туғанына 125 жыл толуына орай «Қаламды шын беріліп, алдым берік...» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасының жеңімпаздарын марапаттау салтанатты кеші өтті. Бұл мүшәйраға облыс бойынша жиырма шақты жас қаламгерлер өз туындыларын ұсынып, солардың ішінде алты жас қаламгерлер суырылып шығып, ел алдында шығармаларын паш етті. Павлодар облысы жазушылар одағының филиалының директоры Қани Арман Бақтанұлы бастаған, «Найзатас» әдеби- көкем, қоғамдық – саяси журналының редакторы Әбіш Асыл Әлімжанұлы; «Регион Кz» облыстық жастар газетінің жауапты хатшысы Жарқынбек Амантайұлы; «Баянтау» Баянауыл аудандық қоғамдық – саяси газетінің диреторы Еламан Хасенұлы қостаған әділқазылардың шешімі бойынша: «Баянтау» газеті тағайындаған «Төлеген Мұқаев атындағы» арнайы номинацияны Жоламан Әйткен, 3-орынды Ерболат Әміренов пен Дария Келген, 2-орынды Алпысбай Хонжа, 1-орын Еламан Төлеутайға бұйырса, Бас жүлдені Екібастұздық ақын Рауан Қайдаров иелендіп, ақшалай сыйлықтар табыс етілді.          

Аталмыш іс-шараға қолдау көрсетіп, ат салысып, шараның тиісті көлемінде өтуіне қол ұшын беріп, қаржылай демеушілік жасап, ұрпақтың рухани дамуына үлес қосқандары үшін бір талай азаматтарға алғыс айтылып, арнайы Алғыс хаттары ұсынылды.

 

toraig1

 

toraig2

 

 

toraig 3

 

 

toraig 4

 

 

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.