"ҒАСЫРДЫҢ ДАРА ШЫҢЫ" көрмесі

Қазақ КСР Ғылым Академиясының ұйымдастырушысы жəне оның тұнғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, қазақтан шыққан тұңғыш академик Қаныш Имантайұлы Сəтбаевтың 120 жылдығына орай ұйымдастырылған "Ғасырдың дара шыңы" атты көрме Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданының орталығы, Ботақара кентінде тұрғындардың назарына ұсынылды. "Қ.И.Сəтбаевтың Баянауыл мемориалды мұражайының" қызыметкерлерінің тікелей қатысуымен көрмені Бұқар жырау ауданының тұрғындары жақын танысып, Қаныш ағаның өмірімен болмысыннан кен көлемде мағлұмат алды. Көрмені арнайы  көруге жəне қолдауға аудандық маслихат хатшысы Əли Асхат Сағадиұлы, аудан əкімінің орынбасары Ақпанова Айғаным Жолшарақызы, Нұр Отан партиясының аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Нұрланов Марат Қуанышұлы келді. Шараға Аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің 36 елді мекеннен келген кітапхана қызыметкерлері, "Руханият" қосымша білім беру орталығында білім алатын шəкірттер, жалпы білім беру аудандық нөмір бірінші қазақ мектебінің ұстаздарымен оқушылары, Ю.Гагарин атындағы жалпы білім беру мектебінің ұстаздарымен оқушылары, Қ.И.Сəтбаев атындағы жалпы білім беру мектебінің ұстаздарымен оқушылары жəне көптеген аудан тұрғындары тамашалады. Бұқар жырау ауданының бірқатар азаматтары  көрменің өтуіне қаржылай қолдау көрсетіп, 300 таман халықтың тамашалауына аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлім басшысы Іргебаев  Төлеген Жанатұлы мен «Руханият» косымша білім беру орталығының бейнелеу бөлімінің ұстазы  Амантай Акишев мүмкіндік жасады. Осы шараның өтуіне демеушілік жасаған Ботақара ауылының бір топ азаматтарына алғыс білдірілді.

 

16051

 

16054

 

16053

 

16055

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.