«ХІ Сәтбаев оқулары» ғылыми - тәжірибелік конференциясы

«Академик Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп – балабақша оқу – тәрбие кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 120 жыл толуына орай 2019 жылдың 26 сәуірі күні «ХІ Сәтбаев оқулары» республикалық ғылыми тәжірибелік конференциясы өткізілді. Конференция Қаныш Сәтбаев атындағы мектеп ұжымы мен академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінің ұйымдастыруымен жүзеге асты. Ауқымды шараға Баянауыл ауданының мектептері мен Қарағанды, Павлодар және Екібастұз қалаларының мектеп оқушылары қатысты. Жыл сайын аудан мектептері арасында өтіп тұратын дәстүрлі «Сәтбаев оқулары» биыл он бірінші жыл аймақ оқушыларының басын қосып келеді. Биылғы жылы «Әлемді география арқылы таны» секциясына 21 жас зерттеуші, «Географиялық аялдама » географиялық сұрақ – жауап секциясына 20 оқушы және «Қаныш және сұлу саз» секциясына 19 оқушы қатысты. Конференцияның ашылу салтанатына келген қонақтарға мектеп директоры Қайриден Нұхыұлы мен Қ.Сәтбаевтың мемориалдық мұражайының басшысы Айбат Сейсенбекұлы жас зерттеушілерге, зерек оқушыларға және жас таланттарға жүрек жарды тілектерін арнап, құттықтады.
Сонымен қатар зейнеткер дәрігер Музафаров Сатыбалды Нұхыұлы конференцияға қатысушыларға сәттілік тілей отырып, мектеп кітапханасына жазушы Медеу Сәрсекенің Қаныш Имантайұлына арнап жазған кітабын табыс етті. Мектебіміздің зейнеткер ұстазы, ҚазССР-на еңбегі сіңген ұстаз, Баянауылдың құрметті азаматы Маликова Нескен Мәлікқызы келген қонақтарға және оқуларға қатысушы жас өрендерге лебізін білдірді. Айбат Сейсенбекұлы Қаныш Сәтбаевтың 120 жылдық мерейтойына демеушілік жасаған Қарағанды тұрғыны жерлесіміз ауыл азаматы Ахметов Саяш Шаухатұлына және аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Советұлына ризашылығын білдіріп, алғыс хаттарын табыс етті
Ғылыми тәжірибелік конференциясы қортындысы бойынша жоғарғы нәтижеге қол жеткізген оқушыларымыз дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Конференцияға келген конақтар мектебіміздің зейнеткер ұстаз «Қаныштану» бағдарламасының авторы Жұмагүл Қамышқызы, Қарағанды қаласынан келген Күлтай Баязитқызы, аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлнази Зейноллақызы, Қазақстан Республикасының еңбек ері, Қаныш атамыздың туысы Ришад ағамыз өз лебізін білдіріп жүлделі орындарға ие болған оқушыларымызды құттықтады. Қарағанды қаласынан келген №34 мектептің басшылығы мектеп директоры Қайриден Нұхыұлына ризашылығын білдіріп алыс хат табыс етті. Конференцияда аталмыш мектеп оқушылары Қаныш атамыздың 120 жылдық мерейтойына арнап тамаша әндерін тарту етті.

25044

tb

25042 

trb

25041 

 4

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.