«Тарихтың өшпес тұлғасы» атты кездесу кеші

Геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті- Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына орай өткізілген «Тарихтың өшпес тұлғасы» атты кездесу кеші өтті.

2019 жылдың 12 сәуірінде ұлт мақтанышы, бір туар тұлға, Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.Сәтбаевтың 120 жылдығына орай ғалымның Баянауылдағы мұражайында «Тарихтың өшпес тұлғасы» атты кездесу кеші өтті. Атаулы шараға Павлодар қаласынан арнайы келген Республикалық жыр додаларында Павлодар облысының намысын қорғап жүрген айтыскер ақын Қуанышбек Шарманов, «Найзатас» әдеби-көркем, қоғамдық –саяси журналының редакторы Асыл Әбіш және ғалымның туған жері Мұса Шорманов ауылынан Қаныш Имантайұлын бала кездерінде бір сәтте болсада көздері көрген Зейнеткер ұстаздар Қазақ ССРі-не еңбегі сіңген ұстаз Нескен Мәлікқызы, Қаныштану бағдарламасының авторы Жұмагүл Қамышқызы және Қ.И.Сәтбаев мектеп-балабақша, оқу-тәрбие кешенінің директоры Қайриден Нұхұлы қатысты. 
Кеш шымылдығын айтыскер ақын Қуанышбек Шарманов Қаныш бабамызға арнаған арнаумен ашса, ғалымнын туған ауылынан келген ұстаздар қауымы Қ.Сәтбаев туралы тың естеліктермен бөлісті. Атап айтқанда Нескен Мәлікқызы ғалымның 1959 жылы туған ауылына келген сапары туралы және 1989 жылы атап өтілген 90 жылдық мерей тойы қарсаңында ашылған академик атындағы мектепте ашылған мұражайы туралы естеліктерді әсерлі жеткізсе, Жұмагүл Қамышқызы осы жылдары ашылған « Қаныштану» бағдарламасы бағдарламасы жайында тоқталып өтті. Ал мектеп директоры Қайриден Нұхұлы өз сөзінде 120 жылдық мерейтой аясында Жезқазған өңірінде өткен тоғызқұмалақ ұлттық ойынынан өткен спорттық шараға бір топ оқушылармен қатысқан сапарлары жөнінде және 26 сәуірде мектеп ұжымымен және Баянауылдағы ак.Қ.И. Сәтбаев мұражайымен бірлесе ғалым ауылында өтетін Республкалық ғылыми- тәжірибелік конференцияның өтуі жөнінде айтып өтті. Кездесу кеші Жаяу Мұса атындағы өнер мектебі оқушыларының «Даңқ тұғыры» әдеби-сазды аудан өнерпаздары Болат Омаров, Самал Жакупова , Ернұр Жәкеновтардың орындауындағы ұлы тұлғаның сүйіп орындайтын әндерімен жалғасып отырды.
 12055

 12053

 

 

12052

 

12051

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.