11 қыркүйек күні Нұр - Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» РММ және «Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейі» арасындағы Ынтымақтастық келісім шарт аясында жоспарланған «Қ.И.Сәтбаев – ғылым мен мәдениетіміздің ұлы тұлғасы» атты көрменің салтанатты ашылуы болып өтті.Бұл көрме Ұлы ғалымның туғанына 120 жыл толуына орай ұйымдастырылған болатын.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев: «Егемен еліміздің мәдени өмірінде музейлердің орны айрықша. Тарихымызды терең зерттеп, оның тәжірибесінен тағлым алу – Қазақстанда патриотизмді қалыптастырудың, Отанның лайықты азаматтарын тәрбиелеудің басты шарттарының бірі... Өткеннің даналығы – қазіргінің баға жетпес байлығы» деп атап көрсеткеніндей мұражай – туған еліміздің асыл қазынасы. Ғалымның өмірі мен қызмет жолынан көрініс беретін көрме Нұр – Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына, зиялы қауым өкілдері мен жас буын зерттеушілердің қызығушылығын арттырды деген сенімдеміз.