Туған өлке түлектері

      Қыркүйектің 8 күні Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық мұражайында  туған өлкесі Баянауылдың әсем табиғатын қорғауда ерен еңбек сіңірген азамат Күзеков Мүбәрәк Нығметұлын еске алуға арналған «Есімі ел есінде» атты кітаптың тұсау кесер болып өтті.  Аталмыш кітаптың тұсау кесер рәсімін  Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Майқайың кенті ардагерлер кеңесінің  Құрметті төрағасы  Әбенов Мұхтар және Қазақ ССРнің еңбек сіңірген мұғалімі Акколева Бакеш апай жасады. Салтанатты шараға Мүбәрәк Нығметұлының  әріптестері, достары жақын-туыстары  жиналды. Жиналған қауым Мүбәрақ аға туралы естеліктерін айтып  жылы лебіздерін білдірді Айтулы  іс- шараны  ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері, Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Сыздыков Балтабай Сәкенұлы басқарып  жүргізді. Кітаптың түсау кесеріне  келген қонақтар арасынан  Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, Майқайың кенті ардагерлер кеңесінің  Құрметті төрағасы  Мұхтар Әбенов,   Павлодар облысы және Баянауыл ауданының Құрметті азаматы  Мұрат Дүйсенбайұлы Рахметов  Павлодар облысының,  Ертіс, Баянауыл аудандарының  Құрметті азаматы Қорабай Шәкірұлы Шәкіров және  басқа да бірнеше қатысушылар   Мүбәрәк Нығметұлы туралы естеліктер айтып, өздерінің жүрекжарды лебіздерін жеткізді және де өмірге жаңа келген жи­нақ­тың жарқын жолына сенім білдірді  Кітап шығару – мәдениет пен әдебиеттің өркендеуіне жол ашатын ізгі қадам. «Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік», – деген жазушы Ғабит Мүсіреповтің сөзінде үлкен салмақ жатыр. Өткен мен бүгінді, туған жердің тұмса табиғатын, сұлулық пен нәзік сезімдерді, елдік пен бірлікті, адамгершілікті жырға қосқан жергілікті ақындардың өлеңдері жинақталған кітап рухани қазынамызға қосылған қомақты үлес.  Кітап мазмұнында Мүбәрәк  Нығметұлы Күзековің өміржолы туралы аяулы жары, ұрпақтары мен ағайын туыстарының естеліктері  жинақталған. Жиын соңында ұлы Күзеков Ардақ Мүбәракұлы сөз алып жиналғандарға алғысын білдіріп болашақ ұрпаққа үлгі боларлық тұлғаның еңбектерін танытып жүре берейік деген  әсерлі сөздерімен қорытындылады.

09.21

 

09.22

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.