Жастармен ашық әңгіме

Ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні ауданымыздың Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде аудандық сот төрайымы Сәуле Хайырбекқызы Даньярова, аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Самат Мақажанов Баянауыл ауданының жас кәсіпкерлерімен кездесіп, жиналған жастармен ашық әңгімелесті. Кездесу барысында аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жас кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға және құқығын қорғау барысында өзекті мәселелерді ортаға салды. Қазақстанда 2019 жыл «Жастар жылы» деп ресми жарияланғаны белгілі.

20.09-1

Кездесу барсында аудандық сот төрайымы С.Х. Даньярова мен кәсіпкерлер палатасының басшысы С.Мақажанов жас кәсіпкерлердің ой-ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Ең бастысы, кәсіппен айналысамын дегендерге мүмкіндіктер өте көп. Жас кәсіпкерлердің қауымдастығын құру бастамасы өте орынды деп есептеймін. Себебі, мұндай қауымдастық барлық бизнес идялардың жүзеге асуына тікелей түрткі болады, - деп сенемін. Барлықтарыңызға сәттілік - деп аяқтады сөзін аудандық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының басшысы Самат Мақажанов.

 

 

 

 

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.