Шет елдік қонақтар

2019 жылдың қыркүйек айының 28і күні Баянауылға Павлодар қаласынан бір топ қонақтар келді. Қазіргі кезде еліміздегі туризмді дамытуға мүмкіндігі мол өңірлердің бірі бұл Баянауыл. Бұл аймақта көркі көз тартатын сұлу табиғат та, мәдени-археологиялық ескерткіштер де, көне дәуірден сыр шертетін қойнауына ғасырлар жадынамасын жасырған орындар да жетерлік. Баянауылға табаны тиген саяхатшылар алдымен Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейіне табан тірейді. Құрамында сонау Сербиядан келген ассоциативті PHD профессор Дарко Димитровский және Германия елінен SES эксперт Арвед Фон Ирмер мен бірге ПГПУ оқу орнының химия және география кафедрасының оқытушылары бар қонақта болған келушілер ғалымның артында қалған мол рухани мұраларымен танысты. Артына өшпес өнеге із қалдырған еңбектері мен шығармалары жайлы ақпараттар мен мағлұматтарға қанығып, қызығушылық танытты. Музей ұжымына ыстық лебіздерін білдіріп, толағай табыс тіледі.

28.09

 

 

 

28.09 1

 

Жалпы Баянауылдың тамаша табиғатына, сұлулығына ерекше көзқараспен қараған шет елдік қонақтар таңданысын жасыра алмады.

 

28.09 2

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.