«Қ.И.Сәтбаев ашқан ірі жаңалықтары»

                                      

«Музейдегі түн» жобасының аясында «Қ.И.Сәтбаев ашқан ірі жаңалықтары» атты бейнеролик және еркін тақырыпта ғылыми жобалар сайысы

        2019 жылғы 18 қазан күні Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музей ұжымы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Музейдегі түн» акциясы аясында Баянауыл ауылында орналасқан Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде «Қ.И.Сәтбаевтың ашқан ірі жаңалықтары» атты бейнеролик және еркін тақырыпта ғылыми жобалар сайысы өткізілді. Экспонаттар залында экскурсиямен басталған шара конференц залында Қ.И.Сәтбаевтың ғұмырынан бейнефильм ұсынылды. Павлодар – Қазақстан телеарнасынан келген тілші Қарлығаш Қасиетқызы Ғылыми жобаға қатысқан оқушылардан Ш.Айманов атындағы ЖОББМИ-ның 10 сынып оқушысы Қаппас Фаризадан, №2 Баянауыл ЖОББМ 8 сынып оқушысы Қайыргелді Аружаннан, қазылар алқасының мүшесі Түсіпбаев Ерәділ Рымбайұлынан сұхбат алды.

         Бағдарлама бойынша І кезең «Қ.И.Сәтбаев ашқан ірі жаңалықтар» сайысында 4 бейнеролик көпшілікпен бірге тамашаланып, қорытындысы шығарылып, №2 Баянауыл жалпы орта білім беру мектебінің 8 сынып оқушысы Қайыргелді Аружанның «Ұлы тұлға Қаныш аға» атты орынды иеленсе, ІІ орынды Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Қаппас Фаризаның «Нұрсая мен Мейіржанның саяхаты» атты бейнеролигі жеңіп алды. Сондай-ақ, жүлделі           ІІІ орынды екі мектеп бөліп алды. Олар: З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Оразтай Нұрдәулеттің «Ғаламның алып тұлғасы» бейнеролигі, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-балабақша оқу-тәрбие кешенінің 9 сынып оқушысы Аманжол Аяулымның «Сәтбаевтан-Сәтбаевқа саяхат» атты бейнеролигі.

ІІ кезең бойынша 7 ғылыми жоба қорғалды. Сайыс қорытындысын анықтау барысында Баянауыл ауданының жезтаңдай әншісі Әбдіғомар Қанаттың орындауында халық әндері «Екі жирен», «Жиырма бес», «Баянауыл» әндері шырқалды. Марапаттау нәтижесінде Ақши жалпы негізгі білім беру мектебінің 9 сынып оқушысы Жүнісбекова Жаннұрдың «Көрнекті ғалым-Е.Сүлейменұлы» тақырыбындағы ғылыми жобасы І орын, З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Тілеубек Мадинаның «Ғалымның хаты» ғылыми жобасы ІІ орын, №2 Баянауыл Жалпы орта білім беру мектебінің 10 сынып оқушысы Мухамедьярова Улпанның «Жылу сорғысы арқылы жер эенергиясын тиімді пайдалану» атты ғылыми жобасы ІІІ орынды иеленді. Ал, алғыс хатпен Ш.Айманов атындағы жалпы орта білім беру мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Қаппас Фаризаның «Ертіс – Қарағанды каналы және бүгінгі қоғам» атты ғылыми жобасы, Қ.Сәтбаев атындағы жмектеп-балабақша оқу – тәрбие кешенінің 10 сынып оқушысы Ауғали Мерей «Сәтбаевтың ашқан металлургия саласы» ғылыми жобасы, Лекер жалпы негізгі білім беру мектебінің 5 сынып оқушысы Жумаканова Айымның «Виртуалдық мұражай» атты ғылыми жобасы, С.Торайғыров атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы Бекен Баянсұлудың «Қазақстандық экотуризм – ауыл келбеті» ғылыми жобасы марапатталды.

ІІІ кезең сұрақ - жауап айдарында ғалымның өмірбаянынан құрастырылған сұрақтарға оқушылар белсене қатысып, ынталандыру сыйлықтарын қанжығалады. Павлодар облысының және Баянауыл ауданының құрметті азаматы, қазылар алқасының төрағасы Қ.Ш.Шәкіров академик Қ.И.Сәтбаевтың музейінің алғаш ашылуы жайында сыр шертті. Жеңістерімен құттықтаған шәкірттерге болашақта жарқын өмір, толағай табыс тіледі. Музейдің экспонаттар залында келген қонақтар, сайысқа қатысушылармен естелікке фотоға түсумен қорытындыланды.

 kol3

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.