«Ферроқорытпа» зауыты

Ақсу қаласындағы «Ферроқорытпа» зауыты кәсіпорнында талай жылдар тынымсыз еңбек етіп, бүгінде зауыттың ардагер зейнеткерлері Баянауыл аумағындағы «Факель» демалыс үйінде демалуда. Ағымдағы жылдың 21 қарашасында Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде болып, Қ.И.Сәтбаевтың өмірі мен еңбегі жайында толық та қызықты мағлұматтар сұрап, Академиктің ғылым жолында атқарған өмірінің кезеңді белестеріне қызығушылық танытып, ұзақ тыңдады.

21s

 

Экспозиция залына саяхат жасаған ардагерлер ғалымның халқына берген өлшеусіз еңбегі мен мағыналы өмірін бейнелейтін жәдігерлерге сүйсіне ұзақ қарады.

Айта кететін, бір мәселе «Факель» демалыс орны мен Академик Қ.И.Сәтбаев Баянауыл мемориалдық музейімен тығыз қарым қатынас орнатылған. Баянауылдың сұлу да көрікті табиғатын тамашалауға келетін демалушылар музейге үнемі келіп отырады.

Қаныш Имантайұлының Том қаласында технология институтында білім алғандығы жайында және артында өшпес өнеге із қалдырған еңбектері мен шығармалары жайлы ақпараттар мен мағлұматтарға қаныққан келушілер қызығушылық танытып, музей ұжымына ыстық лебіздерін қалдырды.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.