«Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер!»

 

     Заманымыздың заңғар тұлғасы белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 80-жылдық мерейтойы туған жері Маңғыстау өлкесінен бастау алып, Республика көлемінде аталып өтуде. Әбіш Кекілбайұлының өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өнегелі өмір жолы мен шығармашылық мұраларының   өміршеңдігін ұғындыру мақсатында Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық музейінде «Қазақты тарихымен қауыштырған қаламгер Ә.Кекілбаев» тақырыбында тарихшылар және қазақ әдебиеті пәнінің ұстаздарымен кездесу өтті.

m4

 

“Тарихтың алтын арқауы” бөлімімен бастау алған кешіміз Ә.Кекілбаевтың ғұмырынан үзінді бейнефильм көрсетіліп, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік алған 28 жылдың ішінде Баянауыл ауданының әкімі қызметін 17 жыл атқарған, бүгінгі таңда Қоғам қайраткері, еңбек ардагері, Павлодар облысының және Ертіс, Баянауыл аудандарының Құрметті азаматы Қ.Ш.Шәкіровке берілген сөзбен жалғасын тапты. Қ.Ш.Шәкіров өз сөзінде бүгінгі жиынға арқау болған халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен елге сіңірген еңбегі жайында, атап айтсақ тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында Ә.Кекілбаев Баянауыл ауданының Бірлік ауылдық округі бойынша Сенатқа депутат болып сайланған кезде Баянауыл ауданының қарамағына Майкөбен - Вест көмір кенішін енгізп берді.Тәуелсіздіктің алғашқы қиын жылдарында аудан мектептеріне көмір отыны мен оны таситын көліктер бөлу мәселесін оңтайлы шешудегі еңбегін атап өтті, нәтижесінде бүгінгі күнге дейін аудан бюджетінің басым бөлігі аталған кеніш арқылы толықтырылуда. Осы еңбектері үшін Ә.Кекілбаевқа 2006 жылы аудандық маслихаттың 31 шілдедегі № 234 шешімі бойынша Баянауыл ауданының Құрметті азаматы атағы берілген кездегі Әбіш Кекілбайұлының айтқан жүрек жарды сөзі: «Мен Баянауылда жүргенімде, Баянауылдың бір азаматымын деп жүруші едім, енді «Құрметті азаматы» атағы берілгенде, төбем көкке жеткендей қуанышта тұрмын».

    Сонымен қатар жазушының 70 жылдық мерейтойына Баянауыл ауданының орталығында тұрған «Даналар даңқы» аллеясындағы Ә.Кекілбаевтың: «Бағалай білмегенге бақ қонбайды» деген тасқа жазылған қанатты сөзінің портретін аудан жұртшылығы атынан сыйға тарту еткенін атап өтті. Ә.Кекілбаевтың жары Клара жеңгемізбен аудан көлемінде аталып өткен тарихи тойларға бірге келіп отырғандығын, және Қорабай Шәкірұлы ол кісінің адамгершілігін, кішіпейілділігін, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жөнінде қай кезде де телефон шалсаңыз телефон тұтқасын көтеріп, өте қарапайым түрде кең жүректілікпен жауап беріп, мәселенің оң шешілуіне көмегін аямайтындығын да айтып өтті.

   “Әсем сөзі құс боп шарлап жер–көкті…”- айдарымен жалғасын тапқан бүгінгі кешке, жазушының өлеңдерінен Ш.Айманов атындағы ЖОББМ интернатының 6 сынып оқушысы Дәулетқан Айсұлтан «Шағала», Оразалы Ерназ «Ауа», №2 Баянауыл ЖОББМ нің 8 сынып оқушысы Сәтбай Ернұр «Адам қолы талай жауды жайратқан», осы аталмыш білім беру мекемесінің 5 сынып оқушысы Сәтбай Сейітнұр «Қасымға» атты өлеңдерін жатқа айтты.

 

m1

 

 

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков былай деген: Ә.Кекілбаев көзі тірісінде оған: «-Маңғыстауда 362 әулие бар еді, 363 ші әулие Ә.Кекілбаев шығар, Әбіш – абыз, Әбіш- кемеңгер, Әбіш – данышпан, Әбіш- ғұлама деген сөзі тағы бар.

     Тұғырлы ұлы тұлға Әбіш аға тамырын тереңге жайған алып бәйтерек. Ұлы тұлғаның еңбектері сан мыңдаған жылдар бойы ұлтымызға, мәдениетімізге ұлттық рухани азық болары сөзсіз екені баршамызға мәлім.

     Осындай ірі тұлға - Әбіш Кекілбаевтың Павлодар өлкесінің сұлу да, көрікті Баянауыл жеріне сіңірген еңбегі аудан азаматтарының есінде мәңгі сақталады.

Әбіш Кекілбаев – жазушы, философ, тарихшы, ғалым, мәдениеттанушы,

әлеуметтанушы, өнертанушы, саясаттанушы, гуманист, қайраткер.

   m6

 

 

 m3 m2

 m7

 

 

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.