ПОСТ - РЕЛИЗ

Академик Қ.И.Сәтбаев мемориалдық музейінде 2020 жылдың 2 наурызында Әйел аналардың бала тәрбиесіндегі жауапты ролін арттыру, әйелге құрметпен қараудың тарихи үрдісін сақтау. Нәзік жанды аруларымыздың соның ішінде бүінгі күні ауданымыздың құрметті азаматтары атанып отырған ардагер аналарымыздың қоғамдағы алатын орны жайлы ой-пікір алмасып, оларға қуаныш сыйлау.  Сондай-ақ, көпбалалы аналарға ізеттілік көрсетіп, құрметтеуге шақыру мақсатында «Сыйынар ем ана деген тәңірге» атты сырласу кеші өтті.

Сырласу кешінің сыйлы қонақтары - Баянауыл ауданының Құрметті азаматтары, жастар үшін өнегелі үлгі болып табылатын аналар: Әубәкірова Ғалия Әубәкірқызы, Темірбекова Күлжамал, Күзекова Зәру Әбдіқадыровна, Райымкулова Балжан Әкыбаевна. Алты және одан көп балалары бар көп балалы аналарымыз: Мәшім Жамбы Ипатқызы, Мурат Марал, Сыдыкова Рабиға, Қаракесекова Жанар, Нұрханова Тұрсын аналарымыз қатысты. Бүгінгі күні басшылық қызметте жүрген нәзік жандылар да аталған шарадан тыс қалмады.

Аудан әкімінің орынбасары Бәденова Анар Балтабекованың құттықтау сөзімен бастау алған   кеш «Асыл әжелер» ансамблінің мүшесі Баянауыл ауданының Құрметті азаматы, білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Ғалия Әубәкірқызының аналық лебізімен жалғасты. Кеш барысында «Асыл әжелер» ансамблінің орындауында әндер шырқалды.

0202 0203

 

Денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген ардақты да аяулы апамыз Баянауыл ауданының Құрметті азаматы Кузекова Зәру Абдыкадыровна өз заманындағы және қазіргі таңдағы жұмыс істеу реттілігіне тоқталып, келе жатқан мерекемен құттықтады.

Сырласу кешінің Құрметті қонағына айналған Баянауыл ауданы тарихындағы алғашқы рет сайланған сот төрайымы Сәуле Хайрбековна сөз алып, бүгінгі таңдағы әйел затының қоғамдағы ролі мен құқықтары туралы ой бөлісті.

Келген қонақтар арасында жырмен кестелеп, нақышына келтіре монолог оқыған ҚР Мәдениет саласының үздігі Мәшім Жамбы Ипатқызы да болды.

0206

 Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев  «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді басты назарға ала отырып, көпбалалы аналарға ізеттілік көрсету мақсатындағы өтіп жатқан бүгінгі шараға  көп балалы ана Курмангалиева Ботагөз  өзінің алғысын білдірді.  

       Ата-бабадан жеткен халқымыздың тамаша жоралғыларының бірі – Бата.  Батаменен ел көгерер демекші ортамызда  отырған ардақты ана, тыл ардагері, үлкен отбасының көшбасшысы  Темірбекова Күлжамал ападан бата алып, естелік суретке түсіп, тәтті шаймен өткен сырласу кешіне қатысқан қонақтар ризашылық көңілмен тарқасты.   

 

0205

 

 

 

 

 

 

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.