Жалпы ақпарат

 

Музей экспозициялары Сәтбаев көшесі бойында 38 үйінде 1973 жылы салынған типтік ғимаратта орналасқан.1989 жылы ғимаратқа қосалқы салынған 2 қабатында қорсақтау және әкімшілік бөлмелері бар.

Экспонаттар саны – 3657

Қызметкерлер саны – 13

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы алғашында 1964 жылы студенттер бастамасымен Баянауыл аудандық мәдениет үйінде қоғамдық негізде ұйымдастырылды. 1967 жылы ресми түрде мемлекеттік есебіне енді. Музейде 2 еңселі экспозициялық зал мен 2 қабатта қосымша ашлыған «Академик Қаныш Сәтбаевтың артынан қалған өшпес ізі» деп аталатын бөлме және 60 орындық конференц залы бар.

Еңселі 2 залда академиктің туған қыстауы, балалық, азамат болғандығы, отбасылық шағынан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының президенті болып сайланған уақытқа дейінгі, одан кейінгі өмір жолдарынан мол мағлұмат береді. Кітапхана және екі филиалы: Мәшһүр Жүсіп Көпеев мемориалдық музейі, Сұлтанмахмұт Торайғыров мемориалдық музейі жұмыс істейді.

Музей экспонаттарның негізін фотосуреттер, құжаттар, жеке заттар және киімдер құрайды.

Дәрістік және экскурсиялық жұмысымен қатар музей өз қорынан көрмелер ұйымдастырады. Ғылыми-практикалық конференциялар, дәрістер, жыл сайын «Сәтбаев, Көпеев және Торайғыров оқулары» мастер – кластар, шығармашылық кештер ұйымдастырылады.

Академик Қ.И.Сәтбаевтың Баянауыл мемориалдық мұражайы «Қазақстан тұлғалық музейлер қауымдастығы» Республикалық қоғамдық бірлестігі, Мәкен Төрегелдин атындағы тау – кен және балқыту ісі тарихы музейі және Қ.И.Сәтбаев атындағы тарихи – өндірістік музейімен серіктес болып жұмыс атқарады.

«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ, БАНАУЫЛ АУДАНЫ, Қ.СӘТБАЕВ КӨШЕСІ 38, 140300» Байланыс телефон: 8(71840) 9-13-44.

Please publish modules in offcanvas position.